Қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея – Алаш идеясы! Ұлттық Тәуелсіздікті мұрат тұтып, ұлы істер атқарған Алаш арыстары самодержавиялық қуатты империяның бұғауынан шығу үшін өркениетке лайық саяси күрес жүргізді. Алаш партиясын құрып, Алаш Орда үкіметін жасақтады.
   Жиырмасыншы ғасыр басындағы осы бір күрделі кезеңдерден сыр шертетін Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сахналанған. Ә.Бөкейханов бастаған қайраткерлердің азаттық жолындағы арпалысы, ауыр тағдыры суреттелетін спекталь тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Бұл Алаш тақырыбын кең ауқымда қамтыған тұңғыш қойылым.
   С.Сейфулин атындағы академиялық қазақ драма театры, Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Қанат Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасын Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 1-2 курс білім алушылары тамашалады. Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін туынды, ерлік пен елдікті танытты. Арыстар рухына бас иіп, театр сахнасынан тұлғалар жайлы спекталь тамашалап, білім алушылар ерекше әсермен қайтты.