2025 жылдың 13-наурызында “Жұмысшы мамандар жылы” аясында “Алматы сервис және технологиялар колледжi”, Алматы электромеханика колледжі”, “Архитектура, дизайн және инженерия колледждерінің” ұйымдастыруымен Бостандық ауданы мектептерінің кәсіби бағдар беруші мамандарына арналған семинар-тренинг өтті. 🔹 Бұл шараның басты мақсаты - орта және кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы әріптестікті нығайту, 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ Алматы қаласындағы колледждердің инновациялық мүмкіндіктерін және жұмысшы мамандықтарын насихаттау болды. Бостандық ауданының аудандық білім бөліміне (АББ), барлық мектептер мен гимназияларға белсенді кәсіби бағдар беру ұстанымы үшін алғысымызды білдіреміз. 9-11 сынып түлектерінің саналы түрде мамандық таңдауына жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға үміттенеміз.