17 қазан күні сағат 10:00 Алматы мемлекттік сервис және технологиялар колледжінің 1 және 2 курс студенттеріне «Туған жер», «Родная земля» тақырыптары бойынша жалпыреспубликалық патриоттық диктант өтті. Қалалық әкімдік пен Білім басқармасының бастамасымен өткізілген шараға Қазақстан Республикасының әнұранымен бастау алды. Аталмыш шараны кеңінен дәріптеу мақсатында, Алматы қаласының БАҚ өкілдері атсалысып, оқушылар мен оқытушылардан сұхбат алды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралардың жүйелі және көп көлемде өткізілу қажет екендігін, жас буынның ерекше сезімдері мен көз жанарларынан байқауға болады.