2022 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде тіл мерекесіне орай «Жырлайды жүрек» атты мерекеліс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оятып, отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Ақиық ақын, артына өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Аталмыш іс-шара Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнімен, 1 курс оқушысы Дулатова Ақмаралдың орындауында бастау алды. Ақиық ақиынның өлең-жазбалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқылды. «Менің анкетам» өлеңі көрініс ретінде көрсетілді. Кеш соңы «Бақыт деген» атты керемет әуенмен аяқталды.