Республика күні мерекесі қарсаңында "Шаштараз өнері" бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Қарақат Рахимжанқызы мен 2ПК-9А тобының ерікті студенттері «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты акциясын өткізді. Ерікті жастар зейнеткер қариялардың тұрғылықты мекен-жайларына арнайы барып, қолдау-көмек көрсетті. Бұл ізгі шараның басты мақсаты – жастар арасында еріктілер қозғалысын жандандыру, адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтарды насихаттау, үлкендерді сыйлау.