Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматының 84 тұрғынына мемлекеттік наградаларды табыстады. Алматылықтар мемлекеттік, қоғамдық және шығармашылық салаға қосқан үлесі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.

Мемлекеттік награда алғандардың арасында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ажмиева Зауре Болатовна да болды. 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлық бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос - жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық - қуанышыңыз мол болсын!