1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн.
Қыстың алғашқы күні және алғашқы мерекесі 1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні болып саналады.Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті.Еліміздегі тарихи таңдау күні болып саналатын бұл сәтті барша қазақстандықтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың топтасу күні деп есептейді. Тарих көрсеткендей қандай да мемлекет болмасын,қай заманда да әрбір елдің тағдыры шешілер қиын сәтте бір тарихи тұлға өмірге келген.Оған мысал ретінде өзінің алымды саясатының арқасында екі империяның қыспағынан аман алып шыққан кешегі Абылай ханды,Түркияның тұңғыш Президенті Кемал Ататүрікті,қытай реформалардың "әкесі" Дэн Сяопинді, Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Юді жатқызуға болады.Ал Тәуелсіз Қазақстанның бақытына орай Нұрсұлтандай ұл туылуы Алланың бізге берген сыйы болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтандай ұлдың бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді.
Бүгінде бұл мереке өте үлкен деңгейде тойланып өтеді. Ұлт тағдыры үшін барын салып жүрген Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалынып жатқан игі іс-шараларды бір кітаптың өзіне сыйғыза алмаспыз.Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының халқына деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойынына арқалай білгендегі жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан аталмыш мереке үлкен қуанышпен аталып өтіледі.Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі! Осындай елеулі еңбектерін мәңгі жадымызда сақтау мақсатында колледж ішінде барлық топ жетекшілері Президент күніне орай ашық тәрбие сағатын өткізді.
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімі болып өтті. Топ жарып шыққан үздік студенттердің қатарында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің студенті Тірібосынов Айтөре Еркінұлы да бар.
Үздік студенттерді таңдау жобасының өткізіліп келе жатқанына биыл – екінші жыл. Оның басты мақсаты – қоғамның әлеуметтік саяси белсенді азаматтарын қалыптастыруға, адалдыққа жетелеуге, дарынды және бастамашыл жастарды тәрбиелеуге, студенттердің рухани және өзіндік дамуына ықпал етуге бағытталған. Байқаудың республикалық кезеңіне Қазақстанның 17 өңірінен 338 студент қатысып, жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталды.
Санитарлық ахуалға байланысты биылғы марапаттау онлайн пішінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова министр Асхат Қанатұлы Аймағанбетовтың ақ тілегін жеткізіп, жеңімпаздарды Бас мұғалімнің атынан арнайы дипломдармен марапаттады. Сонымен қатар, үздік стуенттерге өңірлік меценаттар тарапынан дайындалған сыйлықтар ұсынылды.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың дипломына ие болған топжарғандардың қатарында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің 2 курс студенті Тірібосынов Айтөре Еркінұлы да бар. Колледждің «Қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру» мамандығында білім алып жатыр. «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының алдыңғы сапынан көрініп, дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін үздік боп танылған Айтөре шығармашылыққа жақын шәкіртіміз. Колледжіміздің дамуына белсене атсалысып, қоғамдық-саяси жұмыстардың үнемі басы-қасында жүретін, шәкіртіміз мәнерлеп өлең оқу, шығармашылыққа бейім. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үнемі ізденісте жүретін және қайырымдылықпен айналысатын өнерлі студент.
Онлайн марапаттау рәсіміне қатысып, ондағы салтанатты жиынды тамашалаған колледж басшылығы мен оқытушылары және студенттері Айтөреге деген тілектестігін жеткізіп, білім ордасында әлі талай үздіктердің шыға беретініне сенім білдірді.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
- 1-сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Абдреймова отбасындағы бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
- «Коронавирустың алдын алу, сақтық шаралары» тақырыбында Молдажарова Н.Е. Ұлттық Медицина университеті №1 ЖТД кафедра ассистенті, Асмед 2 МО Жасөспірімдер дәрігері, денсаулық туралы, коронавирустың қалай жұғатынын, қалай сақтану керектігін толықтай түсіндіріп өтіп, келесі сөз Бостандық ауданы ІІБ-нің полиция майоры А.Ж.Кокилованың құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндады.
- Бөлім меңгерушісі С.А.Абуова қазан айындағы оқушылардың онлайн сабаққа қатысу көрсеткіштеріне талдау жасап, себепсіз тапсырма жібермейтін оқушыларға жеке дара тоқталып өтті. Ауылдық жерлерде интернет желісінің дұрыс жұмыс атқармауының салдарынан оқушылардың тікелей сабаққа қатыса алмауының бірден бір себебі екендігі де сөзге тиек етілді.
- Қазан айында жүргізілген 1 курс оқушыларының колледжге бейімделу деңгейін анықтау сауалнамасының нәтижесін колледж психологы Қ.Б.Кенжебаева баяндады. Нәтижесінде 1 курс оқушыларының колледжге бейімделуі өте баяу түрде жүріп жатқандығын, себебі оқушылардың онлайн сабақ оқуға белсендіктерінің төмен екендігін және оқушылардың колледж қабырғасында оқуға құштарлығының өте жоғарғы деңгейде екендігін атап өтті.
- Ата-аналардың көкейінде жүрген біршама сұрақтарға толықтай жауап беріп, жұмыс барысында туындайтын мәселелерге бағыт-бағдар көрсетті.
30 қазанда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің базасында Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры, Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы мен Алматы қаласы білім басқармасының қолдауымен жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында Jastar Skills мини-чемпионатын өткізді.
Бұл жоба біздің колледж базасында 2 мамандық бойынша өтті:
- Шаштараз және сәндік косметика;
- Тігін өндірісі және киімді үлгілеу.
Jastar Skills 2020 мамандардың жетіспеушілігін төмендетуге, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еліміздің инновациялық дамуына ықпал етеді. Бұл жас мамандардың жоғары деңгейлі шеберліктерін көрсетудің тамаша тәсілі.
Бүгін «Шаштараз және декоративті косметика» мамандығы бойынша шағын чемпионат және Jastar Skills 2020 салтанатты жабылуы өтті.
1-тур онлайн форматта өтті: өтінімдерді World Skills халықаралық сарапшылары таңдап, 2-ші кезеңге өткен қатысушылар Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне шақырылды.
Қазылар алқасы жас мамандарды 12 аспект бойынша бағалады, мысалы: бейненің сәйкестігі мен үйлесімділігі, зергерлік бұйымдар мен киім үлгісі, модуль тақырыбына сәйкестік, қорытынды жұмыстың презентациясы, сонымен бірге бүкіл жұмысқа кеткен уақыт.
Нәтижелер бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Кулешова Ангелина;
2 орын - Жұмабай Ұлпан;
3 орынды Фируза Бейсенова мен Яна Фархиева бөлісті.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық мастер және «Karolina» салонының директоры, сарапшы Бекишева Марфуга Яна Фархиеваға « жылдық шаштараз курстарында оқуға сертификат табыстады.
Іс-шара қауіпсіздік шараларын, карантиндік шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өтті. Жұмысқа кіріспес бұрын мамандар қатысушыларға нұсқаулық беріп, шағын чемпионат ережелерін түсіндіріп, сәттілік тіледі.