Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. 
        Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.  
       Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.  

  1. 1-сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Абдреймова отбасындағы бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
  2. «Коронавирустың алдын алу, сақтық шаралары» тақырыбында Молдажарова Н.Е. Ұлттық Медицина университеті №1 ЖТД кафедра ассистенті, Асмед 2  МО Жасөспірімдер дәрігері, денсаулық туралы, коронавирустың қалай жұғатынын, қалай сақтану керектігін толықтай түсіндіріп өтіп, келесі сөз Бостандық ауданы ІІБ-нің полиция майоры А.Ж.Кокилованың  құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндады.
  3. Бөлім меңгерушісі С.А.Абуова қазан айындағы оқушылардың онлайн сабаққа қатысу көрсеткіштеріне талдау жасап, себепсіз тапсырма жібермейтін оқушыларға жеке дара тоқталып өтті. Ауылдық жерлерде интернет желісінің дұрыс жұмыс атқармауының салдарынан оқушылардың тікелей сабаққа қатыса алмауының бірден бір себебі екендігі де сөзге тиек етілді.

 

 

  1. Қазан айында жүргізілген 1 курс оқушыларының колледжге бейімделу деңгейін анықтау сауалнамасының нәтижесін колледж психологы Қ.Б.Кенжебаева баяндады. Нәтижесінде 1 курс оқушыларының колледжге бейімделуі өте баяу түрде жүріп жатқандығын, себебі оқушылардың онлайн сабақ оқуға белсендіктерінің төмен екендігін және оқушылардың колледж қабырғасында оқуға құштарлығының өте жоғарғы деңгейде екендігін атап өтті.
  2. Ата-аналардың көкейінде жүрген біршама сұрақтарға толықтай жауап беріп, жұмыс барысында туындайтын мәселелерге бағыт-бағдар көрсетті.