22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара
Алматы сервис және технологиялар колледжінде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – қазақ халқының ежелден келе жатқан ең маңызды мейрамдарының бірі, көктем мен табиғаттың жаңаруын, жақсылық пен берекенің басталуын білдіреді.
Іс-шараның мақсаты:
🔹 Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, ұлттық дәстүрлерді жас ұрпаққа насихаттау;
🔹 Табиғаттың жаңаруын қуанышпен қарсы алып, Наурыздың мән-маңызын ұғындыру;
🔹 Бірлік, татулық және кешірімділік сияқты құндылықтарды дәріптеу;
🔹 Ұлттық сана мен рухты нығайту, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді жаңғырту;
🔹 Келер жылға жақсылық, молшылық, ырыс пен береке тілеу.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық ойындар, ән-күй мен салт-дәстүрлер көрініс тапты. Шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
“Оқуға құштар колледж” жобасы аясындағы буктрейлер
Тақырыбы: “Отты жылдардың өшпес шежіресі”
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы сервис және технологиялар колледжінде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында жазушы Тілеу Көлбаевтың «Өшпес даңқ» еңбегіне арналған буктрейлер ұйымдастырылды.
Аталған туындыда Ұлы Отан соғысы кезінде құрылған 100-ші (Алматы) және 101-ші (Ақтөбе) қазақ ұлттық атқыштар бригадаларының құрылу барысы, жауынгерлердің әскери даярлығы мен ерлікке толы жорық жолдары жан-жақты сипатталады.
Кітап мұрағаттық құжаттар мен ресми деректерге, соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Еңбекте 980 майдангердің өмірі, қай жерде қаза тапқаны мен жерленген орны туралы мәліметтер келтірілген.
Аталған еңбек – жас ұрпақты аға буынның жауынгерлік ерлігіне тағзым етуге, патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған құнды дүниелердің бірі.
WorldSkills Almaty – 2025
Аймақтық кәсіби чемпионат нәтижелері
2025 жылдың сәуір айында өткен WorldSkills Almaty – 2025 X Аймақтық кәсіби чемпионатында Алматы сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Чемпионат Атакент көрме орталығында ұйымдастырылды.
Жүлделі орындар иегерлері:
-
«Туризм» құзыреттілігі – І орын – Касенова Камила Асхатовна
-
«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі – ІІ орын – Тұрғантай Асет Ажметұлы
-
«Киберқауіпсіздік» құзыреттілігі – ІІ орын – Сембай Айкын Аяғанұлы
-
«Мода технологиясы» құзыреттілігі – ІІ орын – Калыбаева Асель Алмасқызы
-
«Шаштараз өнері» құзыреттілігі – ІІІ орын – Амантай Аяла Асанәліқызы
-
«Қонақүй әкімшісі» құзыреттілігі – ІІІ орын – Колесникова София Валентиновна
Колледж әкімшілігі атынан барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Жас мамандарға алдағы уақытта кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
🎭 “Kök Tulpar” театры бүгін “JasGala 2025” байқауының финалында ерекше өнер көрсетті! 🔥
Көрерменді тәнті еткен қойылым үлкен шабыт сыйлады.
Алдағы уақытта финал нәтижесін білетін боламыз 😊
Театр ұжымына сәттілік пен жеңіс тілейміз! 💫