Білім алушылардың барлық оқу тапсырмаларына қатысты оқу жетістіктері білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бағаланады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауымен студенттердің білім жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық жүйемен бағаланады, ал ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебімен шығарылады.

Пәндер бойынша 50%-дан кем балл жинаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Білімді бақылау жүйесі аралық бақылауды (семестрде үш рет) және қорытынды бақылауды (емтихандарды) қамтиды. Пәндер бойынша аралық бақылау академиялық кезеңнің 6, 12 және 19 апталарында өткізіледі.

Әр пән бойынша аралық бақылау мен емтихан нәтижелерінен тұратын қорытынды баға анықталады. Қорытынды бағаның 60% аралық бақылау, 40% емтихан нәтижелері болып табылады.

Студенттің білімін қорытынды бағалау студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша қабылданады, бұл төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келеді.

 

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар