Қазақтың кәсіби ән өнері дегенде, біздің есімізге ең алдымен түсетін санаулы ғана есім бар. Олар аттары аңызға айналған – Күләш Байсейітова, Ермек Серкебаев және бүгінгі ескерткіші ашылғалы отырған Роза Бағланова. Бұл ескерткіш жеке адамға ғана емес, ұлтымыздың ән өнеріне, тұтастай қазақ мәдениетіне қойылып отырған ескерткіш! Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін бой көтеріп отырған бұл ескерткіш жақсылықтың жаршысындай болып, айналасына жылуын шаша берсін!
       Ескерткіш көрнекті опера және эстрада әншісінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылған. Ескерткішті Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары да тамашалап қайтты.