2022 жылдың 4-наурызында Алматы мемлекеттік сервис және технолоиялар колледжінің білім алушылардың қатысуымен, мұғалімдердің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама дайындалды.
Біз әрқашан көктемді оянумен, өмірдің қайта туылуымен, қуанышпен, күлкімен, жаңа үміттермен байланыстырамыз. Сондықтан әйелдеріміз бізге өмір сыйлайды, оны жылулықпен, қуанышпен және бақытпен толтырады, балаларымыздың өмірін жалғастырады, бізді қамқорлық, жылулықпен қоршайды. Бұл мереке ерлер өздерінің жақындарына, аналарына, әпкелеріне, қыздарына сыйлайтын қуаныш мен гүлдер күніне айналды.
Біздің колледждің барлық нәзік жандарына денсаулық, қуаныш, махаббат және өркендеу тілейміз!

Бүгін далам күндегіден бөтен ғой,
Бүгін ғалам жылылыққа мекен ғой.
Бар сұлулық неге тұнып тұр десем,
Әйелдердің мерекесі екен ғой.

Бүгін жырым төгіліп тұр нөсердей,
Жазылмаса жанды жарып кетердей.
Қалам неге ала қашып тұр десем,
әйелдердің мерекесі екен ғой .

Есірікте отыр кеуде көтермей,
Науқасың да үнсіз жатыр жөтелмей.
Мынау тірлік кімге иіліп тұр десем,
Әйелдердің мерекесі екен ғой .

Әуелі иті үрмей қалды ауылдың,
Сәлемі де түзеліпті бауырдың.
Бар шаттықтың кілті қайда десем мен,
Қолында екен әйел деген қауымның.

Аязда жоқ жанды қарып кетердей,
Көктем келді жаның еріп кетердей.
Тірлік неге жарды десем бүршігін,
Әйелдердің мерекесі екен ғой.

Жаным бүгін жайлауына көшердей,
Көңіл күлді түйіншегін шешердей.
Кеттім десем неге сонша шешіліп,
Шешелердің мерекесі екен ғой.

Шыртылдаушы ек бұрын сөзді көтермей,
Бүгін мінез бал аралас шекердей .
Жаным неге нәзік тартып тұр десем,
Нәзіктердің мерекесі екен ғой.

Әйелсіз үй әйелсіз күн бекер ғой,
Әйелменен әлем сұлу екен ғой.
Адам біткен аңсап жүрген жылылық,
әйелдердің қабағында екен ғой.

Сөйлеңдерші әйелге ашу көтермей,
Бүгін,міне, мерекесі екен ғой.
Әйел кім деп ақылсыз сөз бастама,
Бірі қызың, бірі жарың, ал біреуі шешең ғой.🌹🌹🌹