Колледжде ашылған "Millennium" дебат клубының кезекті отырысы өтті. Пікірсайысшылар дебат ойындарының мақсаты мен маңызмен, ережесімен таныса отырып, қазіргі таңдағы өзекті деген тақырыпта өз ойларын бөлісті. Клуб мүшелері тақырыпты толықтай ашатын дәлелді аргументтер құрып, өз ойларын толық жеткізе білді. Ойында оппозиция тобының 1-2-спикерлері Ержан Аружан мен Төлеубай Мүмтәжбегім қарсыластарына басымдылық көрсетсе, Жұман Арай өте жақсы деңгейде сарапшылық етті.