Студенттік Кеңес

     Мақсаты: қоғамның әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтарын қалыптастыру, парасаттылықты қалыптастыру, талантты және бастамашыл жастарды тәрбиелеу, студенттердің рухани дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу.

  • Студенттердің рухани-адамгершілік дамуы үшін жағдай жасау;
  • Республика колледждерінде волонтерлік қозғалысты дамыту жолымен студенттерде жағымды құндылық бағдарларды қалыптастыру үшін жағдай жасау;
  • Студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту;
  • Колледж студенттерінің беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру саласының жетістіктерін көпшілікке тарату;
  • Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

Студенттік Кеңестің жетекшісі - 

 

Студенттік Кеңестің құрамы және олардың міндеттері:

     АМСжТК-нің студенттік кеңесі ең алдымен  АМСжТК-нің белсенді жастары болып табылады. Бұл ұйымның негізгі мақсаты- АМСжТК қалашығының гүлденуіне үлес қосу ғана емес, сонымен қатар жатақхананың тәртібі мен тазалығын қадағалау, студенттерді қызықтыру және жатақханадағы өмірді жарқын және қанық ету үшін іс-шаралар (спорт, түрлі тақырыптағы пікірталастар, ойын-сауық кештері) ұйымдастыру. Студенттік кеңес студенттердің рухани патриотизмін дамытуға, олардың жауапкершілігін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. Студенттік кеңес үшін әр студент маңызды. Шынында да, студенттік кеңес студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді, студенттің әлеуметтік құқықтарын ескереді, жиналыстарда студенттердің мүддесі үшін мәселелерді шешеді.

 

Студенттік Кеңестің төрағасы - Тірібосынов Айтөре Еркінұлы

     Студенттік Кеңестің жүйесіндегі ең маңызды рөл топтағы әрбір студенттік өзін-өзі басқаруда белсене қатысуына қол жеткізетін ұжым.

     Білім жетекшісі – Аханова Алина. Ғылыми жобалар мен олимпиадалар ұйымдастыруға көмектесу. Ғылыми жоба жасауға бейім студенттерді анықтау. Сабақтан үлгерімі төмен студенттерге көмек көрсету.

 

Топ басшылар жетекшісі - Ыбырайым Қанағат.

 

 

 

Рухани жетекшісі - Айтқали Жұлдыз Серікқызы. Әр түрлі дін өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, студенттерді дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыруға көмек көрсетеді.

 

 

Хатшы - Ильчанова Назгуль Қуанышбекқызы. Әрбір өткен жиналыстың, мерекелік шараның хаттамасын толтырады.

 

 

 

    Колледж студенттерін стартап-қозғалысқа тарту

  • Колледждерде стартап-жобаларды әзірлеу
  • Enactus Kazakhstan-мен өзара іс-қимыл
  • Колледж студенттерінің студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық Кубогына қатысуы
  • Enactus Kazakhstan бағдарламасында колледждер Лигасын құру

«Жас сарбаз» Жобасының жетекші идеясы - Сапарəлі Нұртас,  жетекшісі – Асқан Өркенұлы.

  • Колледждерде "Жас сарбаз" мамандандырылған топтарын құру
  • Колледж студенттерін әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралармен қамтуды кеңейту
  • Колледж студенттерінің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын күшейту

«Ашық жүрек» Жобасының жетекшісі – Гарипова Аружан Ғалымқызы    

  • Еріктілер мектебінің қызметіне әдістемелік ұсыныстар әзірлеу • Колледждерде еріктілер клубтарын құру
  • Аймақтық еріктілер слеттерін өткізу
  • Өңірлік, республикалық деңгейлерде, оның ішінде әлеуметтік желілер бойынша кең ақпараттық жұмыс
  • Мүгедектерге, қарт адамдарға, жетімдерге, жалғыз басты және үйсіздерге көмек көрсету мақсатында жас еріктілер базасын қалыптастыру

«Жас Отан» жобасының жетекшісі - Жұман Арай Асқарқызы.

 

«SANALY URPAQ» Жобасының жетекшісі – Жанболатқызы Асия

 

  • Колледждерде "SANALY URPAQ" клубтарын құру
  • Студенттерде парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу
  • 2021 жылға дейін «SANALY URPAQ» клубына студенттердің тартылуын 80% - ға дейін кеңейту
  • «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге «Таза сессия» акциясын өткізу
  • Студенттерді, жұртшылық өкілдерін қоса отырып, ішкі комиссиялардың құрамын кеңейту.   

         

          Бишілер жетекшісі - Сасанова Салима.

 

 

 

  

 

     Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен  «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімі болып өтті. Топ жарып шыққан үздік студенттердің қатарында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің студенті Тірібосынов Айтөре Еркінұлы да бар.

Үздік студенттерді таңдау жобасының өткізіліп келе жатқанына биыл – екінші жыл. Оның басты мақсаты – қоғамның әлеуметтік саяси белсенді азаматтарын қалыптастыруға, адалдыққа жетелеуге, дарынды және бастамашыл жастарды тәрбиелеуге, студенттердің рухани және өзіндік дамуына ықпал етуге бағытталған. Байқаудың республикалық кезеңіне Қазақстанның 17 өңірінен 338 студент қатысып, жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталды. 

Санитарлық ахуалға байланысты биылғы марапаттау онлайн пішінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова министр Асхат Қанатұлы Аймағанбетовтың ақ тілегін жеткізіп, жеңімпаздарды Бас мұғалімнің атынан арнайы дипломдармен марапаттады. Сонымен қатар, үздік стуенттерге өңірлік меценаттар тарапынан дайындалған сыйлықтар ұсынылды. 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың дипломына ие болған топжарғандардың қатарында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің 2 курс студенті Тірібосынов Айтөре Еркінұлы да бар. Колледждің «Қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру» мамандығында білім алып жатыр. «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының алдыңғы сапынан көрініп, дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін үздік боп танылған Айтөре шығармашылыққа жақын шәкіртіміз. Колледжіміздің дамуына белсене атсалысып, қоғамдық-саяси жұмыстардың үнемі басы-қасында жүретін, шәкіртіміз мәнерлеп өлең оқу, шығармашылыққа бейім. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, үнемі ізденісте жүретін және  қайырымдылықпен айналысатын өнерлі студент.

Онлайн марапаттау рәсіміне қатысып, ондағы салтанатты жиынды тамашалаған колледж басшылығы мен оқытушылары және студенттері Айтөреге  деген тілектестігін жеткізіп, білім ордасында әлі талай үздіктердің шыға беретініне сенім білдірді.

 


     2021 жылдың 30 сәуірінде сағат 14:30да «Шаңырақ шаттығы...» атты онлайн іс-шара 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК «Тіл және экономикалық пәндер» ЦӘК ұйымдастыруымен өткізілді.

     Іс-шара бағдарламасында мерекеге арналған презентация, қазақ және орыс тілдерінде  әдеби композициялар (Тазабек Диана 2ОГХ9Б тобы, Нұрбай Ұлпан 1МК9А тобы, Сыс Захар 1ОГХ9Б тобы, Сальмина Анастасия 1ОГХ9Бтобы), әр ұлт тілінде құттықтаулармен бейнебаян (Шаймерден Аида 1ПК9Атобы), сонымен қатар 1ВТ9Б тобы оқушысы Люшыр Джамалдың орындауында «Замыкая круг» әні орындалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Әбдреймова құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды ақ тілегін білдірді.

    Іс-шара студенттерге Қазақстандағы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан халықтар мәдениетіне деген қызығушылықтарын тудырып, олардың салт-дәстүрін сыйлауға, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 


 


7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай “Отан оттанда ыстық” тақырыбында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған флэш-моб. 

 

     2021 жылдың 15 наурызда «Sanaly urpak» жобасының жетекшісі Бозтай Малика Садвахасқызының ұйымдастыруымен «Жауапкершілік құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты жауапкершіліктің мағынасын ашып, құндылықтарын дәріптеу, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу.    

     Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет, тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заманның өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс.

     Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.

 

 


 

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

 


9 мамыр – Жеңіс күні!

     Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Ашық жүрек» жобасының мүшелері ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтап қайтты.


 Колледж қабырғасында жастар пікірсайысы өтті, оның негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауы болды. Пікірсайыс «Студенттік кеңес» жастар пікірсайыс клубы ұйымдастыруымен өтті.

     

     В колледже прошли молодежные дебаты, основной темой которых стало обсуждение Послания Президента Казахстана Токаева К.К. Дебаты организованы молодежным дебатным клубом "Студенческий совет".

 


Алматы - менің жүрегімде!

 

      Өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ортасына, еліміздің талай талантты тау тұлғаларын танытқан, жастарын аялы алақанға салып әлдилеген әсем қала - Алматы!
     Алатауы айқара ашылып қарсы алатын, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаятын әсем қаланы туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Гүлдене бер - Алматы!

 

 Международный интернет-олимпиада был проведен преподавателем экономических дисциплин Тлеуовой Ж.С., где принимали учащиеся группы 4 ТУР 9 А. Мероприятие носит образовательный, развивающий характер, что способствовало активизации. Благоприятный, психологический климат благотворно влиял на работу, повышал внимание и сосредоточенность учащихся. Интернет-олимпиада достигла поставленной цели. Итоги были подведены.
Диплом 1 место занял студент Ботбанбек Нурдаулет Несбайұлы на тему: «Организация международной торговли»
Диплом 1 место заняла студентка Абдиман Аружан на тему: «Деньги и денежное обращение»
Диплом 1 место заняла студентка Абдималикова Нурайна на тему: «Основы предпринимательства»

 

 

 


 

Проект «ТОП 100 студентов колледжей Республики Казахстан»

     

 

     Цель проекта:  поддержка талантливой молодежи, популяризация рабочих квалификаций и лучших студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, достигших успеха благодаря знаниям, навыкам и таланту.

     Проект ориентирован на признание 100 лучших студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования для стимулирования обучающихся к повышению уровня компетентности и формированию лидерских качеств.

     Проект состоит их трёх этапов: внутреннего, регионального и республиканского.

     Республиканский этап Проекта проводится в онлайн режиме на интернет-ресурсе TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS, где будет размещена платформа для онлайн регистрации. Согласно положению Проекта с 1 по 15 ноября 2021 года принимается заявки победителей регионального этапа от Управление образования г.Нур-Султан, Алматы, Шымкент и областей в онлайн режиме.

     Студент Алматинского государственного колледжа сервиса и технологий Ильчанова Назгуль принимает участие в проекте TOP-100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS.

Желаем успехов!

Положение проекта «ТОП 100 студентов колледжей Республики Казахстан»

 


Жастар ісі комитетінің мүшелері “Егемен елдің ұрпақтары” атты челленджді басқа оқу орындарының ұйымдарына жолдады