2021-2022 оқу жылына арналған Топ жетекшілері кеңесінің жұмыс жоспары
Топ жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - колледж оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Топтағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін колледж пен Топтың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Топ жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Топ жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.Топтағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Топтағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Топтағы пән мұғалімдері мен колледж әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде колледждің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде топтан және колледжден тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені топ жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Топ жетекшісінің қызметі. Оқытушы, белгілі бір топқа оқушылар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін топ ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
- Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық.
Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
- Ұйымдастырушылық қызметі.
Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер Топ ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру. Топтағы өзін – өзін басқаруды дамыту.
- Оқушылардың жалпы әрекетін асқару.
- Оған: диагностикалық, мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Диагностикалық қызметі топта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; Топтағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Топ жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және топ ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының оқушының жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, топ жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл топ жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау топ жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.
Топ жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында топ жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс – әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, топ жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Топ жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – колледждегі топ жетекшісі.
Топ жетекшінің тәрбие жоспары.
Топ жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.Тәрбие – қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол топ жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Топ жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір Топтағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда Топтағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана колледж оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Топ жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, колледж пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, топ жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Топ жетекшісі колледждегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Тәрбие жоспары – топ жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда Топ жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.Тәжірибелі Топ жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады.
Колледж тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп.Олардың ішінде Топ өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Колледжтегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі түрі болады.
Жоспардың бұл түрі Топ жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз.
Тәрбие жоспарының үлгісі
1 Топ жайлы мәлімет: Топ, Топ белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4Топ жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол Топтағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс – әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі.Сондықтан, тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқатылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен анықталатын болсын.
7.Тәрбиелеу шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапты және әржақты болуын ескеру керек.
8.Жоспар құру барысында топ жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке – дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
1-курс топ жетекшілері
№ |
Группа |
Ф.И.О. |
Телефон |
1 |
1ВТ-9А |
Жайна Сержанқызы |
87053996681 |
2 |
1ВТ-9Б |
Ажмиева Зауре Болатовна |
87071080576 |
3 |
1Тур-9А |
Ахметов Еділ Бақытұлы |
87087900908 |
4 |
1ПК-9А |
Әлімғазы Жансая Бауыржанқызы |
87470525734 |
5 |
1ПМ-9А |
Бейсекова Айнұр Муслимовна |
87007001422 |
6 |
1ПК-9Б |
Сейсенбекова Ботагөз Ерсагиновна |
87076091376 |
7 |
1МК-9А-1 |
Толқын Мерей |
87081113761 |
8 |
1МК-9А-2 |
Рамазанова Алия Жадигеровна |
87021200090 |
9 |
1 МК-9спец |
Ауелова Бұлбұл Калнуровна |
87771937281 |
10 |
1ПК-9спец |
Сураншиев Нуркен Кененович |
87085689142 |
11 |
1 ОГХ-9Б |
Умирбаева Динара Сейтжановна |
87784574606 |
12 |
1ПК-9 Б (ком) |
Ищенко Ирина Александровна |
87076117244 |
13 |
2ШВ-11А |
Байоралова Құралай Құдайбергеновна |
87023223973 |
14 |
1Вт-9а ком |
Әзімхан Аскан Оркенович |
87018584456 |
2-курс топ жетекшілері
№ |
Группа |
Ф.И.О. |
Телефон |
1 |
2ВТ-9А |
Ниязова Мадина Ержанқызы |
87079928580 |
2 |
2ВТ-9Б |
Тлеуова Жанар Сапарбековна |
87013625605 |
2 |
2Тур-9А |
Бозтай Малика Садвахасқызы |
87076108293 |
3 |
2ПК-9А |
Әлімғазы Жансая |
87470525734 |
4 |
2ПМ-9А |
Малдыбаева Аида Рахимовна |
87073732573 |
5 |
2ПК-9Б |
Умирбаева Динара Сейтжановна |
87784574606 |
7 |
2МК-9А-1 |
Каипова Жулдыз Айдаровна |
87077027556 |
8 |
2 МК-9А-2 |
Керимбаева Жулдыз Ускембаевна |
87017587375 |
9 |
2 МК-9спец |
Ауелова Булбул Калнуровна |
87771937281 |
10 |
2ПК-9спец |
Сураншиев Нуркен Кененович |
87085689142 |
11 |
2 ОГХ-9Б |
Аубекерова Айдана Бахытовна |
87472101026 |
12 |
2ПК-9 Б (ком) |
Ворошилова Людмила Владимировна |
87770255412 |
3-курс топ жетекшілері
№ |
Группа |
ФИО |
Телефон |
1 |
3ОГХ9Б |
Аубекерова Айдана Бахытовна |
87472101026 |
2 |
3ПК-9А |
Малдыбаева Аида Рахимовна |
87073732573 |
3 |
3ПМ-9А |
Бейсекова Айнұр Муслмовна |
87007001422 |
4 |
3ПК-9спец |
Сатқынова Ляззат Мухтаровна |
87772431503 |
5 |
3ПК-9Б |
Ворошилова Людмила Владимировна |
87770255412 |
6 |
3ПК-9,11Б (ком) |
Жанталинова Жадыра Оразтаевна |
87085032550 |
7 |
3МК-9А(1) |
Байоралова Куралай Кудайбергеновна |
87023223973 |
8 |
3МК-9А (2) |
Масабаева Макпал Адильбековна |
87078365279 |
9 |
3ШВ-9спец |
Саткынова Ляззат Мухтаровна |
87772431503 |
10 |
3 ШВ-11А |
Тусипханова Еркеназ |
87078742197 |
11 |
3ВТ-9А |
Ниязова Мадина Ержановна |
87079928580 |
12 |
3ВТ-9Б |
Рысбекова Алма Абдысалимовна |
87474081236 |
13 |
3ТУР-9А |
Бозтай Малика Садвахасовна |
87076108293 |
4-курс топ жетекшілері
№ |
Группа |
ФИО |
Телефон |
1 |
4ПМ-9А |
Жанталинова Жадыра Оразтаевна |
87085032550 |
2 |
4ПК-9А |
Барманбекова Қарақат Рақымжанқызы |
87476982562 |
3 |
4ПК-9Б(1) |
Сейсенбекова Ботакоз Ерсагиновна |
87076091376 |
4 |
4ПК-9Б(2) |
Тлеуова Жанар Сапарбековна |
87079004065 |
5 |
4МК-9А(1) |
Кенжебаева Гульнур Кунтубаевна |
87475240053 |
6 |
4МК-9А(2) |
Керимбаева Жулдыз Ускембаевна |
87475240053 |
7 |
4ВТ-9А |
Ажмиева Зауре Болатовна |
87005404098 |
8 |
4Тур-9А |
Ахметов Еділ Бақытұлы |
87471577592 |
9 |
4ШВ-11А |
Садыкова Назерке |
87471082470 |
10 |
4МК-9спец |
Саткынова Ляззат Мухтаровна |
87772431503 |
11 |
4ПК-9спец |
Сураншиев Нуркен Кененович |
87085689142 |
Қыркүйек айындағы топ жетекшілер Кеңесінің отырысы
Қазан айындағы топ жетекшілер Кеңесінің отырысы
Қараша айындағы топ жетекшілер Кеңесінің отырысы