Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге байланысты құттықтаулар мен Наурызға арналған өлеңдер шырқалды. Наурыз тарихы мен ұлттық ойындар туралы бейнематериалдар көрсетілді. Наурыз тойын тек қазақ халқы емес, Шығыс халықтары тойлағандықтан, бұл мерекеге түрлі ұлт өкілдері, түркітілдес халықтары қонақкәде ретінде өз ұлтының биімен әсемдеді. Халық билерімен безендірілген салтанатты шарада шашу және Қыдыр Атаның батасымен ашылды. Іс-шара әсем әуенмен жалғасын тапты.
  Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымы, барша қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін,
Бәле- жала жерге енсін. (Әумин)