2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын.
Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.
Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын қала жұртшылығының арасында түсіндіру мақсатында, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымымен, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Умирбаева Д.С. мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.
Жолдау 5 бөлімнен тұрды:
- Заман талабына сай тиімді мемлекет
- Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика
- Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі
- Қуатты өңірлер - қуатты ел.
Жолдаудың 7 көздеген нысаны:
- Пандемиядан кейінгі экономикалық даму
- Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
- Сапалы білім беру
- Өңірлік саясатты жетілдіру
- Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру
- Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау
- Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.
Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!