"Ерте жыныстық қатынасқа түсудің салдары, алдын алу және емдеу" тақырыбында АМСжТК-де I курс ұлдарымен Оңғарбеков Олжас Омарұлы уролог дәрігер, хирургия пәнінің оқытушысы онлайн лекция жүргізді. Лекцияда қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды екенін, себебі адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып бара жатқанын айтып өтті.
Ерте жыныстық қатынасқа түсудің соңы неге әкеп соқтыратыны туралы жасөспірімдердің көпшілігі бейхабар. Жыныстық қатынастың ерте болуы: денсаулыққа қауіп төну, жыныстық жолмен жұғатын аурулар (ЖЖЖА), соның ішінде АИТВ/ЖИТС-қа алып келетіні жайлы хабардар етті.
Осындай келеңсіз жағдайларды алдын алу, жасөспірімдердің жыныстық қатынас жайлы білімін арттыру мақсатында лекция жүргізіп, барлық оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға Оңғарбеков Олжас Омарұлы уролог дәрігер, хирургия пәнінің оқытушысы жауап берді.