"Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен "Мен-көшбасшымын!" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшылары арасында қалалық слет өтті. Қалалық слет аясында "Балалар ұйымдары және мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы: даму перспективалары" тақырыптық алаң жұмысында бақ сынаған колледжіміздің 1 курс студенті Әлиасқар Зере арнайы сертификатпен, жетекшісі  Бозтай Малика Садвахасқызы алғыс хатпен марапатталды. Білім алушылар қалалық слеттан керемет әсер алып, шабыттанып қайтты.