Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі 22 наурыз қарсаңында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамына арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Наурыз мерекесін қол алысып, көрісу күнімен бастап, үлкендермен сәлем алып, бір-бірін осы күні қыстан аман-есен шығуымен құттықтап, өкпеназды кешіріп, дастарханға бата сұрап, жаңа жылға қадам бастайды.

Іс-шараның жоспарланған бағдарламасына сай, құттықтау сөз колледж директоры Жаниязова Жарқын Лепесовнаның құттықтау сөзімен басталды.  Колледж оқушыларының «Жерұйық» ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі тыңдалып, қыз ұзату дәстүрі бойынша бейнеролик көрсетілді. Іс-шара әсем әуенмен жалғасын тапты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымы, барша қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!