Алматы қаласы колледждерінде WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың мақсаты – «Сапалы білім беру «Білімді ұрпақ» ұлттық жобасын іске асыру аясында «Woldskiils Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау, жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі оқушылары 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады. Чемпионат нәтижесінде «Мобильді қосымша әзірлеу» құзыреті бойынша 2 ВТ-9А тобының оқушысы Тұрғантай Асет және «Веб-технология» құзыреті бойынша 2 ВТ-9А тобының оқушысы Полатов С.А. жүлделі 2 орынды, «Шаштараз өнері» құзіреті бойынша Толмачева К. Жүлделі 3 орынды,  DeafSkills аясында  «Тігінші» құзыреті бойынша Желеуова Б. С. Жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз.