14.12.2022ж. күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық орталықтың ұйымдастырумен Алматы қаласы колледждері арасында «Алтын жұлдыз» әскери-патриоттық ән байқауы өтті. Алматы мемелкеттік сервис және технологиялар колледжінің студенттері Дулатова Ақмарал мен Мадиярқызы Камила бақ сынасып, байқауға қатысқан 20 үміткерлер ішінен топ жарып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!