14.12.2022ж. күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 16-желтоқсан – ҚР Тәуелсідігі күніне орай «Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!» атты мерекелік концерт өтті. Жалпы білім беретін пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастырумен өткен іс-шара студенттердің қойылымдарымен, өлең жолдарымен, ән-билерімен жиналған көрермендер бойына азаматтық, адамгершілік сезімдерін ұялатты. Мерекелік шарада колледж директоры Жарқын Лепесовна Жаниязова оқытушылар құрамы мен білім алушыларды ұлы мерекемен құттықтап, егемен еліміздің болашақ жастарына ыстық лебізін білдірді. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында өткен іс-шара жоғары деңгейде өтті.