“Оқуға құштар колледж” жобасы аясындағы буктрейлер
Тақырыбы: “Отты жылдардың өшпес шежіресі”

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы сервис және технологиялар колледжінде “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында жазушы Тілеу Көлбаевтың «Өшпес даңқ» еңбегіне арналған буктрейлер ұйымдастырылды.

Аталған туындыда Ұлы Отан соғысы кезінде құрылған 100-ші (Алматы) және 101-ші (Ақтөбе) қазақ ұлттық атқыштар бригадаларының құрылу барысы, жауынгерлердің әскери даярлығы мен ерлікке толы жорық жолдары жан-жақты сипатталады.

Кітап мұрағаттық құжаттар мен ресми деректерге, соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Еңбекте 980 майдангердің өмірі, қай жерде қаза тапқаны мен жерленген орны туралы мәліметтер келтірілген.

Аталған еңбек – жас ұрпақты аға буынның жауынгерлік ерлігіне тағзым етуге, патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған құнды дүниелердің бірі.