Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында өткен «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы «Үздік баннерлер эскизінің» республикалық конкурсына Алматы сервис және технологиялар колледжінен “VERITAS.AKSIT” командасы қатысты.
🔹 Конкурстың ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан-Американдық Еркін университеті.
🔹 Конкурстың негізгі міндеттері:
-
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру;
-
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатын кеңінен танымал ету;
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қоғам назарын аудару;
-
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді қатысуға ынталандыру.
Команда мүшелеріне шығармашылық табыс пен алдағы бастамаларда сәттілік тілейміз!
Сіз де әділетті қоғамды бірге қалыптастырыңыз!