Саналы ұрпақ - ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған, елдің өсіп, өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі, күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына тамшыдай болсын үлес қосатын «тамшыда тама - тама көл болады» дейтін бір тамшысынан үлкен теңіз жасай алатын, өзінің өзгерумен қатар әлемді өзгертуге тырысатын, «Әлемді өзгерту үшін алдымен өзің өзгеріс жаса!» -деген ұранды өзінің басты өмірлік ұстанымына айналдырған білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған, ерік-жігері мықты жастар деп білеміз. Еліміздің болашағын дәл осындай ұрпаққа қорықпастан аманаттай аламыз. Бүгінгі жас ертенгі аға буын өкілі дәл қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ. Осындай насихат аясында «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде» 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы жұмысын жалғастырып келеді. Осындай игі істің бастамасын қолға алып отырған азамат, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде  3 қарашада 2020 жылы сағат 11:00-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлымен онлайн   кездесу өткізілді.

Іс-шараның жоспарланған бағдарламасына сай, кіріспе сөз колледж директоры Жаниязова Жарқын Лепесовнаның құттықтау сөзімен басталды. Колледждегі «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Абдреймова Мөлдір Абдрашитқызының есебі тыңдалып, келесі сөз «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының белсенді мүшесі – 2 ОГХ-9Б тобының студенті Тірібосынов Айтөренің 1 курс студенттерін еріктілер клубына шақыруы және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай оқылған «Адам болам десеңіз ...» атты өлең жолдарымен үндеу жасалды. Кездесудің негізгі бөлімі 1 курс оқушыларының «Саналы ұрпақ» еріктілер клубына ресми қабылдауымен толықтырылды. Осы тұста, кездесудің аса қадірлі қонағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлының жылы лебізі мен алдағы уақыттарға жасалатын жоспарға ұсыныстарымен жалғасын тапты.

 

Білім алушылардың барлық оқу тапсырмаларына қатысты оқу жетістіктері білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бағаланады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауымен студенттердің білім жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық жүйемен бағаланады, ал ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебімен шығарылады.

Пәндер бойынша 50%-дан кем балл жинаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Білімді бақылау жүйесі аралық бақылауды (семестрде үш рет) және қорытынды бақылауды (емтихандарды) қамтиды. Пәндер бойынша аралық бақылау академиялық кезеңнің 6, 12 және 19 апталарында өткізіледі.

Әр пән бойынша аралық бақылау мен емтихан нәтижелерінен тұратын қорытынды баға анықталады. Қорытынды бағаның 60% аралық бақылау, 40% емтихан нәтижелері болып табылады.

Студенттің білімін қорытынды бағалау студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша қабылданады, бұл төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келеді.

 

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша "ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті"жобасының қорытындысы шығарылды.

Қорытынды бойынша финалға Алматы қаласы колледждерінің 15 үздік студенті өтті. Колледждердің 378 студенті " ҚР колледждерінің ТОП-100 үздік студенті "республикалық байқауына қатысты.

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің екінші курс студенті Тірібосынов Айтөре "ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті"жобасының жеңімпазы атанды.

 

 

Біздің колледж студентін жеңісімен құттықтаймыз!

Барлық ақпаратты сайттан таба аласыз: http://kasipkor.kz/prod/top100/results2020.php

Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры АГКСиТ негізінде екі құзыреттілік бойынша JASTAR SKILLS чемпионатын өткізеді - дизайнерлер шайқасы және күрделі бояу шебері. Қатысуға ниет білдірушілер мына поштаға өтінім бере алады  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Биыл аты аңызға айналған қолбасшы, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.

Бауыржан Момышұлының ерлігі, адалдығы мен табандылығы халық қаһарманына айналды. Оның тұлғасынан жоғары-патриоттық рух, шешім қабылдауға деген сенімділік, тәртіп, даналық пен әдептілік.

"Адалдық сағатын" ұйымдастырушылар осы құндылықтарды дарыту арқылы жастарда адал еңбек пен адами рухани қасиеттер жоғары бағаланатын сыбайлас жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болатынына сенім білдіреді.