Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – қашықтықтан оқыту уақытында колледж педагогтарының әдістемелік және кәсіби деңгейін жетілдіру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

шығармашылық қызметпен айналысатын педагогтерді қолдау;
тиімді педагогикалық тәжірибені тарату;
педагогикалық ғылым жетістіктерін насихаттау;
оқытушыларды педагогика, психология, білім беру технологиялары саласындағы заманауи ғылыми жетістіктермен таныстыру.

Жинақ пен сертификаттарды жүктеп алуға болады

стрелка вниз иконки. Скачать бесплатно иконки стрелка вниз

СБОРНИК 2021 

СЕРТИФИКАТЫ

     Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп, тамырын тереңге салған індет. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп және сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың борышы болып табылады.

    Осы орайда 2021 жылдың қаңтар айында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты колледжішілік эссе сайысы өткізілді. Сайысқа 1-2 курс студенттері арасынан 15 адам қатысты.

    Қатысушылар тақырып төңірегінде өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді. Ең үздік деп табылған жұмыстарға жүлделі орын берілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

1-орын 2курс студенті-Касымова Дарина

2-орын 1курс студенті- Исағұл Құралай

3-орын 2 курс студенті Кемелбек Ақжүніс

 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы

11.12.2020 күні сағат 14:00де  жоспар бойынша «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы» тақырыбында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінің лекторы Буркитбаев Дулат Ұлықбекович және қоғамдық арнайы пәндер оқытушысы Бейімбетова Гульсара Окасовна ұйымдастыруымен 1 курс оқушыларына онлайн лекция өткізді. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістердің  қысқаша тарихы, егемендік декларациясы, тұнғыш президенттің сайлануының тарихы және сонымен қоса жалпы әлемдегі мемлекеттердің құрылымдар мен биліктің басқаруы органдары, билік бөліністерінің, формалары, олардың тарихы туралы мәліметтер берілді.

 

 

 

Жоспар бойынша 09.12.2020ж 1 курс оқушыларымен  Алматы қ. ЖИТС-пен күресу орталығының әлеуметтік дәрігері - Үсенқұл Мадина Мешірқызы ұйымдастырған "ЖИТС - таңдамайды. Біз таңдаймыз!" атты онлайн лекция өткізілді. Әрбір баяндамадан кейін әр-түрлі сұрақтар қойылып, баяндамалар талқыланды. Студенттер белсене қатысып, білімдерін шыңдап, қызығушылықтарын танытты.

 

  Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  11.12.2020 күні сағат 10:00де  жоспар бойынша «Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Архабаева А.Ж онлайн ашық тәрбие сағаты өткізді.