08.12.2020 ж «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен Студенттік Кеңес мүшелері  арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің болашағы» атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде әрбір топтан өздерінің жобаларын қорғап, қандай іс-шаралар ұйымдастыру керектігін талқылап,көптеген маңызды мәселелер ортаға қойылып шешімдерін айтты.

 

Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қабылдау комиссияларды құру және шаралар өткізуді көздейді. Және де 1 курс студенттерінен жемқорлыққа байланысты арнайы плакаттар ұсынылды. Сонымен қатар бұл іс-шарада көрермендер өз көзқарастарын білдіріп, өздерінің мақсаттарын айтып белсенді отырды. Бұл отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру бағытында шешуші және соңғы сөз жастар тарапынан болуы қажеттілігі атап өтілді. Осы дөңгелек үстел аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер және мәдени көпшілік шаралар өткізуге көзделді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама