2021 жылдың 26 мамырында  «Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы» атты Ыбырай (Ибрахим) Алтынсаринның 180 жылдығын мерекелеуге арналған сынып сағаты өтті. Сынып сағаты Ыбырай Алтынсаринның өмір жолын баяндаумен басталып, оқушылардың өлең шумақтарын оқумен жалғасын тапты.

Мақсаты:

  • Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру;
  • Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
  • Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

 

Бүгін «Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевқа-175 жыл» толуына орай,

2мк9а-2 тобында тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың басты мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Жыр алыбы жайлы Сәбит Мұқанов «Жамбылды жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі» деп бекер айтпаса керек. Өз ғасырында дара туған ұлы тұлға.

 

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Ашық жүрек» жобасының мүшелері ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтап қайтты.

9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған
мерекелік іс шара колледж директоры Жаниязова Ж.Л. құттықтау сөзімен басталды.

2021 жылдың 6 мамыр күні жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде Жеңіс күніне арналған мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс шараның мақсаты: оқушыларды отанды сүюге құрметтеу, патриоттық және махаббат сезімін қалыптастыру.
9 мамырда бүкіл Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығының мерейтойлық күнін атап өтеді. Біздің еліміз үшін бұл күн ерекше мәнге ие.

Мақсаты : 
• Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу;
• Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Бүгін "Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі" тақырыбында колледж ішінде құрылған "MILLENNIUM" дебат клубы мүшелерінің арасында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 1МК-9А1, 1МК-9А2, 1ВТ-9А, 1ПК-9А тобының студенттері қатысты. Дебатқа қатысушылар Қазақстан бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқандығын, Тәуелсіздіктің 30 жылында республика бітімгершілік бастамаларын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратуды тоқтату саласындағы бастамаларын алға тартып жатқандығын қозғады. Сонымен қатар, әлемдегі бітімгершілікке жету әрі оны сақтау жолындағы ең маңызды қадамдар мен шараларды атап өтті. Үкімет пен оппозиция тобының спикерлері тақырыпқа байланысты құндылықтарды атап шықты және өз позициясын толық қорғады.