Бүгін "Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі" тақырыбында колледж ішінде құрылған "MILLENNIUM" дебат клубы мүшелерінің арасында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 1МК-9А1, 1МК-9А2, 1ВТ-9А, 1ПК-9А тобының студенттері қатысты. Дебатқа қатысушылар Қазақстан бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік идеяларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқандығын, Тәуелсіздіктің 30 жылында республика бітімгершілік бастамаларын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратуды тоқтату саласындағы бастамаларын алға тартып жатқандығын қозғады. Сонымен қатар, әлемдегі бітімгершілікке жету әрі оны сақтау жолындағы ең маңызды қадамдар мен шараларды атап өтті. Үкімет пен оппозиция тобының спикерлері тақырыпқа байланысты құндылықтарды атап шықты және өз позициясын толық қорғады.