Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген "1-Наурыз - Алғыс айту" күні мерекесіне орай "Тілдер және экономикалық пәндер" ЦӘК бірлестігінің ұйымдастыруымен "Шын жүректен мың алғыс" іс-шарасы өткізілді. Колледж директоры Жаниязова Жарқын Лепесовна оқытушылар мен студенттерді атаулы мерекемен құттықтай отырып, маңыздылығын мен тарихына тоқталып өтті. Іс-шараны колледжіміздің әр ұлт өкілдерінің студенттері Қазақстан халқына алғыстарын білдірумен жалғастырды. Аталған іс-шара Люшыр Джамалдың орындауында "Мы желаем счастья Вам" әнімен аяқталды.