Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні қарсаңында еліміздің барлық аймағында әдеби кештер үздіксіз өткізіледі. Осы орайда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары “Мәңгі өлмес жыр, дастаны” атты мұзбалақ ақиық ақынның 93 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу челленджін ұйымдастырды.
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі челленджді барлық колледждерге жолдайды.