2022 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде «Оқуға құштар колледж» атты жобасы жүзеге асырылды. Бұл жобаны іске асыру мақсатында, колледж кітапханасында «Оқу сағаты» атты қарым-қатынас күні өтті, кітапхана қорындағы кітап қорымен таныстырылды. Білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан бұл іс-шара арнайы кесте бойынша әр оқу тобына жеке таныстырылды. Колледж вестибюлінде түрлі тақырыптағы әдеби кітаптардан заманауи стеллаж жасалды.