Алматыда Жеңіс күні ауқымды түрде аталып өтті. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархан жайылды. Майдангерлерді мерекелерімен құттықтап, соғыс жылдарындағы ерліктері үшін алғыс айтып, ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл мерекелік іс-шараға Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары да белсене қатысты.
    Бостандық аудан әкімі қала ардагерлеріне үнемі қолдау көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. Ардагерлердің денсаулықтарын тұрақты түрде тексеру үшін дәрігерлердің үйге ай сайын шығуын ұйымдастыруды және еріктілерді белсенді тартуды тапсырды.
    Кездесу барысында ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, өлеңдер оқып, майдан әндерін орындады. Сондай-ақ әскери көркемөнер қойылымы және әскери-патриоттық әндер концерті өтті.