Жер сілкінісі кезінде өзіңді  қалай ұстау керек?

 

Жер сілкіністері - жер асты дүмпулері және жер бетінің толқуы болып табылады.

Алматы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сондықтан Сіз отбасыңызбен  алдын ала жоспар құруыңыз керек: үйдегі, жұмыстағы және сіз жиі болатын қауіпсіз және қауіпті жерлерді анықтаңыз. Сондай-ақ орын алған жер сілкінісінен кейін отбасы үшін кездесу орнын алдын ала белгілеу қажет.

"Дабыл чемоданын"алдын-ала дайындаңыз. Дабыл дорбасында қандай заттар болуы тиіс:

Ақша, құжаттар;

  • Жедел медициналық жәрдем дәрі қобдишасы;
  • Бір адамға тәулігіне 3-4 литр есебінен су
  • Консервілер, жоғары калориялы тағам;
  • Жеке гигиена құралдары;
  • Жылы киім, азық-түлік;
  • Керек-жарақтар (радио, фонарь, батарейкалар, сіріңкелер, құралдар).

Алғашқы дүмпулерде сабыр сақтаңыздар!

Сіз тұрған жерді және бар болғаны 15-20 секунд уақыт аралығын  назарға ала отырып, ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орынға жайғасыңыз.

ДҮМПУЛЕР КЕЗІНДЕ ЛИФТ ПЕН БАСПАЛДАҚТЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!

ЖИҺАЗДАН, ТЕРЕЗЕДЕН, ЛЮСТРАДАН АЛШАҚ ТҰРЫҢЫЗ.

Егер сіз үй-жәйда қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерде тұрыңыз: ішкі қабырғаға, бұрышқа немесе сіз алдын-ала белгіленген жерге тығылыңыз.

«Назар аударыңыздар!» сигналын естігеннен кейін қабылдағышты, теледидарды қосып, естіген ақпаратқа сәйкес әрекет етіңіз.

ДҮМПУЛЕРДІҢ АЯҚТАЛУЫН КҮТІҢІЗ:

Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.

ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫН алып, үй-жәйлардан шығыңыз шығыңыз. Лифтпен емес, баспалдақпен түсіңіз. Көшеде  ғимараттардан ашық кеңістікке қарай жүріңіз.

Электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алшақ болыңыз.

Шамдарды, сіріңкені, оттықтарды пайдаланбаңыз – газдың қосулы күйі  жарылыс пен өртке себеп болуы мүмкін.

Мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.