1992 жыл 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде сәуірдің 27 жұлдызында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері білім алушылармен кездесу ұйымдастырды. Білім алушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, патриоттық сезімін қалыпстастыру, тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында  лекция түрінде еліміздің әскері жайында ақпарат берді. Ал, студенттер өз кезегінде қызықтырған сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап ала алды.