2021 жылдың 30 сәуірінде сағат 14:30да «Шаңырақ шаттығы...» атты онлайн іс-шара 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК «Тіл және экономикалық пәндер» ЦӘК ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара бағдарламасында мерекеге арналған презентация, қазақ және орыс тілдерінде  әдеби композициялар (Тазабек Диана 2ОГХ9Б тобы, Нұрбай Ұлпан 1МК9А тобы, Сыс Захар 1ОГХ9Б тобы, Сальмина Анастасия 1ОГХ9Бтобы), әр ұлт тілінде құттықтаулармен бейнебаян (Шаймерден Аида 1ПК9Атобы), сонымен қатар 1ВТ9Б тобы оқушысы Люшыр Джамалдың орындауында «Замыкая круг» әні орындалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Әбдреймова құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды ақ тілегін білдірді.

Іс-шара студенттерге Қазақстандағы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан халықтар мәдениетіне деген қызығушылықтарын тудырып, олардың салт-дәстүрін сыйлауға, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.