«Елбасы Медалі» - табыстың жеті бағыты. «Елбасы Медалі» - еңселі елдің жас ұрпағын тәрбиелеуші, жетелеуші. Бұлай деуімізге де себеп жетерлік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының 2019 жылы талантты әрі белсенді жастарды қолдау мақсатында ұсынған «Ел үміті» бастамасының аясында қолға алынған аталмыш жоба арқылы бүгінде еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдері мен жастары өздерін 7 бағыт бойынша шыңдау мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ тек өз-өзін дамытумен ғана шектелмей, еңбектерінің жемісін де көре алады. Дәлірек айтар болсақ, барлық тапсырмалар мен сынақтардан сүрінбей өтсе, «Елбасы медалімен» марапатталады. Осы арқылы біз еңбекқор да әділ ұрпақ тәрбиеленетінін байқай аламыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге ұмтылатын қазіргі жастар үшін бұл – нағыз тәжерибе мен тағылым.
Жалпы «Елбасы Медалі» жобасының басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу болып табылады.
Елбасының табыстың жеті бағыты бойынша өз бағын сынап, өз-өзін дамытумен айналысып, тапсырмалар мен сынақтардан сүрінбей өтіп, «Елбасы Медалі» жобасының қола медальмен 3ПК-9А тобының білім алушысы Ильчанова Назгуль Қуанышбекқызы марапатталды. Өз кезегімізде, Назгульге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз.