30 қазанда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің базасында Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры, Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы мен Алматы қаласы білім басқармасының қолдауымен жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында Jastar Skills мини-чемпионатын өткізді.
Бұл жоба біздің колледж базасында 2 мамандық бойынша өтті:
- Шаштараз және сәндік косметика;
- Тігін өндірісі және киімді үлгілеу.
Jastar Skills 2020 мамандардың жетіспеушілігін төмендетуге, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еліміздің инновациялық дамуына ықпал етеді. Бұл жас мамандардың жоғары деңгейлі шеберліктерін көрсетудің тамаша тәсілі.
Бүгін «Шаштараз және декоративті косметика» мамандығы бойынша шағын чемпионат және Jastar Skills 2020 салтанатты жабылуы өтті.
1-тур онлайн форматта өтті: өтінімдерді World Skills халықаралық сарапшылары таңдап, 2-ші кезеңге өткен қатысушылар Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне шақырылды.
Қазылар алқасы жас мамандарды 12 аспект бойынша бағалады, мысалы: бейненің сәйкестігі мен үйлесімділігі, зергерлік бұйымдар мен киім үлгісі, модуль тақырыбына сәйкестік, қорытынды жұмыстың презентациясы, сонымен бірге бүкіл жұмысқа кеткен уақыт.
Нәтижелер бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын - Кулешова Ангелина;
2 орын - Жұмабай Ұлпан;
3 орынды Фируза Бейсенова мен Яна Фархиева бөлісті.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық мастер және «Karolina» салонының директоры, сарапшы Бекишева Марфуга Яна Фархиеваға « жылдық шаштараз курстарында оқуға сертификат табыстады.
Іс-шара қауіпсіздік шараларын, карантиндік шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өтті. Жұмысқа кіріспес бұрын мамандар қатысушыларға нұсқаулық беріп, шағын чемпионат ережелерін түсіндіріп, сәттілік тіледі.