Саналы ұрпақ - ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған, елдің өсіп, өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі, күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына тамшыдай болсын үлес қосатын «тамшыда тама - тама көл болады» дейтін бір тамшысынан үлкен теңіз жасай алатын, өзінің өзгерумен қатар әлемді өзгертуге тырысатын, «Әлемді өзгерту үшін алдымен өзің өзгеріс жаса!» -деген ұранды өзінің басты өмірлік ұстанымына айналдырған білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған, ерік-жігері мықты жастар деп білеміз. Еліміздің болашағын дәл осындай ұрпаққа қорықпастан аманаттай аламыз. Бүгінгі жас ертенгі аға буын өкілі дәл қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ. Осындай насихат аясында «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде» 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы жұмысын жалғастырып келеді. Осындай игі істің бастамасын қолға алып отырған азамат, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 3 қарашада 2020 жылы сағат 11:00-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлымен онлайн кездесу өткізілді.
Іс-шараның жоспарланған бағдарламасына сай, кіріспе сөз колледж директоры Жаниязова Жарқын Лепесовнаның құттықтау сөзімен басталды. Колледждегі «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Абдреймова Мөлдір Абдрашитқызының есебі тыңдалып, келесі сөз «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының белсенді мүшесі – 2 ОГХ-9Б тобының студенті Тірібосынов Айтөренің 1 курс студенттерін еріктілер клубына шақыруы және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай оқылған «Адам болам десеңіз ...» атты өлең жолдарымен үндеу жасалды. Кездесудің негізгі бөлімі 1 курс оқушыларының «Саналы ұрпақ» еріктілер клубына ресми қабылдауымен толықтырылды. Осы тұста, кездесудің аса қадірлі қонағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлының жылы лебізі мен алдағы уақыттарға жасалатын жоспарға ұсыныстарымен жалғасын тапты.