Колледж миссиясы: Жеңіл өнеркәсіп саласында қоғамның зияткерлі мамандарын,  ақпараттық технологияларын, сонымен қатар  Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы бизнес және сервис саласындағы кәсіпорындарға болашақ іздемпаз мамандар  дайындау.

Колледж жұмыстарын басқару: еңбек нарығындағы қазіргі және болашақ  қажеттіліктерге жауап беретін жоғары білікті мамандар  даярлау,  Қазақстан Республикасының жетекші білім беру ұйымдарының бірі болу.


Стратегиялық жоспарлау жүйесін дамыта отырып, колледж жасауға міндетті әрекеттер:

  • Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындарына талап етілетін білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болу;
  • жоғары сапалы білім беру және мәдени, әлеуметтік қызметті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны жетілдіру;
  • облыстық және республикалық еңбек нарығының сұраныстарын толығымен қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінің кәсіптік білімі мен кәсіпкерлік дағдылардын жоғары деңгейде қалыптастыру;
  • рухани-адамгершілік құндылықтары мен салауатты өмір салтын нығайтуға ықпал ету;
  • мұғалімдер мен колледж қызметкерлерінің шығармашылығын еркін дамытуға, білім деңгейлерін көтеруге, кәсіби дамуы мен өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз етуге оңтайлы жағдай жасау ;
  • 0506000 - «Шаштараз және сәндік косметика», 1211000 - «Тігін өндірісі және киім үлгісін жасау» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;
  • 0506000 - «Шаштараз және сәндік косметика» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізу