WorldSkills Almaty – 2025
Аймақтық кәсіби чемпионат нәтижелері

2025 жылдың сәуір айында өткен WorldSkills Almaty – 2025 X Аймақтық кәсіби чемпионатында Алматы сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Чемпионат Атакент көрме орталығында ұйымдастырылды.

Жүлделі орындар иегерлері:

  • «Туризм» құзыреттілігі – І орын – Касенова Камила Асхатовна

  • «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі – ІІ орын – Тұрғантай Асет Ажметұлы

  • «Киберқауіпсіздік» құзыреттілігі – ІІ орын – Сембай Айкын Аяғанұлы

  • «Мода технологиясы» құзыреттілігі – ІІ орын – Калыбаева Асель Алмасқызы

  • «Шаштараз өнері» құзыреттілігі – ІІІ орын – Амантай Аяла Асанәліқызы

  • «Қонақүй әкімшісі» құзыреттілігі – ІІІ орын – Колесникова София Валентиновна

Колледж әкімшілігі атынан барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Жас мамандарға алдағы уақытта кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!