Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар  колледжі 1952 жылы  «Казпромсовет» өнеркәсіптік кешені базасында 1952 ж. 26 маусымдағы       № 120 қаулы негізінде «Алматы қаласының кәсіптік кооперация техникумы» атауымен  құрылған. 
1954 жылы  1954 ж  15 қарашасындағы № 158 бұйрығының негізінде техникумда орталық мамандандырылған палата  бойынша бірнеше мамандықтар ұйымдастырылған.

1957 жылы «Алматы қаласының кәсіптік кооперация техникумы» 1952 жылғы 12 шілдедегі № 112 бұйрығы негізінде «Алматы политехникумы» деп өзгертіліп, жоғары және арнайы орта білім министрлігінің құзырына берілген.
1961 жылы жоғары және арнайы орта білім министрлігі негізінде «Жеңіл өнеркәсіптік техникалық колледжі» деп аталды.

1968 жылы Жеңіл өнеркәсіптік техникалық  колледжі  Жеңіл өнеркәсіптік және тұтынушылық қызметтер технологиялық колледжі деп өзгертілді.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1995 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығы негізінде техникум  «Алматы қаласының  сервис колледжі» болып өзгертілді.

Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы № 54 бұйрығына сәйкес  «Алматы сервис колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып табылды. Меншік құрылымы - мемлекет. Негізгі қызмет түрі - білім беру.

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 3/543 қаулысының  1-қосымшасы негізінде «Алматы сервис колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын талабымен «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» болып өзгертілді.

 Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі»
Алматы қалалық білім беру басқармасының Әділет басқармасында тіркелген (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2008 жылғы 30 шілдеде    № 25244-1910, сериясы В0336583).