Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес, ол заманның ағысымен бірге өсіп, тамырын тереңге салған індет. Ол жай құқық бұзушылық емес, мемлекетіміздің сенімділігі мен ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қауіп және сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың борышы болып табылады.

    Осы орайда 2021 жылдың қаңтар айында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты колледжішілік эссе сайысы өткізілді. Сайысқа 1-2 курс студенттері арасынан 15 адам қатысты.

    Қатысушылар тақырып төңірегінде өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді. Ең үздік деп табылған жұмыстарға жүлделі орын берілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

1-орын 2курс студенті-Касымова Дарина

2-орын 1курс студенті- Исағұл Құралай

3-орын 2 курс студенті Кемелбек Ақжүніс