Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды. Осы мақсатты айқындай отырып, колледжімізде Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы ұйымдастырған мектеп, гимназия директорларының қатысуымен өте ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында, кәсіби бағдар жұмыстарын дамыту үшін меморандумға қол қойылып, колледждің техникалық базасы таныстырылып, студенттердің курстық, дипломдық жобаларынан қойылым көрсетілді.