Колледжде ашылған "Millennium" дебат клубының кезекті отырысы өтті. Пікірсайысшылар пікірсайыс ойындарының мақсаты мен маңыздылығымен танысып, өзекті тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Клуб мүшелері тақырыпты ашатын сенімді дәлелдер жасай отырып, өз ойларын толық жеткізе алды. 1-2 матчта оппозициялық топтың спикерлері Басан Аружан мен Төлеубай Мұңтәжбегім қарсыластарына артықшылық көрсетті, ал Жұман Арай өте жақсы деңгейде өнер көрсетті.