2021 жылдың 3 маусымында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде педагогикалық кеңес өткізілді. 43 адам қатысты.
2020-2021 оқу жылының қорытынды есебін тапсыру, сағаттардың есебін тапсыру, журналдарды толтыру, жаңа оқу жылына дайындалу туралы колледж директоры Ж.Л. Жаниязова сөз сөйледі. Алдағы 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-өндірістік жоспарларды "Жас маман"оқу бағдарламасы бойынша әдістемелік кабинетке тапсыру. Содан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А. Абдреймова барлық куратордың "4 маусым - Рәміздер күні"күніне орай онлайн ашық сабақ өткізуі керектігін айтты.
ШЕШІМ ЕТТІ: 2021 жылдың 8 маусымынан 20 маусымына дейін циклдік әдістемелік комиссиялар бойынша 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есептер тапсыру.