Жобаның мақсаты: дарынды жастарды қолдау, еңбек біліктілігін және білім, білік және дарындылық арқасында жетістіктерге жеткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік студенттерін насихаттау.

Жоба студенттердің құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студентін тануға бағытталған.

Жоба үш кезеңнен тұрады: ішкі, аймақтық және республикалық.

Жобаның Республикалық кезеңі TOP 100 KZ ТжКБ ОҚУШЫЛАРЫ интернет-ресурсында онлайн режимінде өткізіледі, онда онлайн тіркелу алаңы орналастырылады. Жобаның ережелеріне сәйкес 2021 жылдың 1 қарашасы мен 15 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармаларынан облыстық кезең жеңімпаздарының өтінімдері онлайн режимінде қабылданады.

Алматы мемлекеттік қызмет көрсету және технологиялар колледжінің студенті Ильчанова Назгүл TOP-100 KZ TECST STUDENTS ҮЗДІК жобасына қатысуда.

Сәттілік тілейміз!

«Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенті» жобасының Ережесі