Сонау қиын-қыстау жаугершілік заманда ері елін қорғаса, аналарымыз бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтты. Тек отбасы ошақ-қасында ғана емес, күйбең тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен баянды болашағы үшін маңызды мәміленің ұйытқысына айналған. Тамырын Тұмар ханымнан бері тартқан тарихқа көз жүгіртсек, Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Бопай ханшайым сынды батыр жүректі, абыз саналы аналар ел жадында. Міне, осындай қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген бекзат болмысы бүгінгі күнге де келіп жетті. Арғы-бергі тарихта ізі қалған, анау-мынау өз алдына, рухы биіктігінен кейбір хан-сұлтан, төренің қаһарынан айылын да жимаған текті ата жұрты бар, киелі  өлкеден бастау алған рухани шүйгіндіктен сусындаған, Ресей саясатындағы жалғыз қазақ әйелі,  мемлекеттік Думасының ұлттар істері жөніндегі комитеті аппаратының басшысы,  тоғыз жыл бойы Ресей Федерациясы, ал қазір "түркітілдес халықтардың дәстүрлерін сақтауға жәрдемдесетін өңіраралық әйелдер қоғамдық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстанда кеңінен танымал,  кеңістікке құлаш ұрған қазақтың «қайсар» қызысыз.

Мәскеу Үкіметінің қолдауымен құрылған Сіздің ең сәтті бастамаңыз, жобаңыз "Этно-Эрато" ұлттық костюмінің жоғары сәнді халықаралық байқауы, ол тек ТМД – да ғана емес, әлемнің алпауыт елдерінің жас дизайнерлер арасында да танымал болды. Әлемге аты мәшһур болған, дәстүрлі түрде этникалық киімнің тілдік шығу тегінің бірлігі, кейбір халықтардың ұлттық костюмінің басқаларға әсер етуінің тарихи заңдылықтары негізінде Ресейдің көпұлтты халқының өмір салтына күшті әсерін көрсететін және халықтардың экономикалық құрылымының ерекшелігімен, олардың табиғи өмір сүру жағдайымен байланыстыратын осынау Ұлы Еуразиялық байқау мен «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің» арасында «алтын көпір» орнатқаныңыз біз үшін баға жетпес мәртебе.

Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Ерен еңбегіңіздің қарыштаған қанатының талмай самғауы үшін, өз еліңізден көрген қошеметтің орны бөлек деген ойдамыз. Соның нақ дәлелі, ел бағасы – «Қазақстанның Алтын кітабында» есіміңіздің алтын әріптермен орын алуында. Қазақ елінің тарихында ғана емес, әлемнің  тарихи шежіресінде есіміңіздің дәріптелуіне шын жүректен тілектеспіз.

Осындай абзал істерге аянбай еңбек етіп жүрген Сізге, деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болып,  отбасына береке-бірлік, баянды бақыт, еңбекте тартулы табыс тілейміз.   Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін демекпіз. 

 


Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/altyn_kitap/th/999999999999_th.jpeg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649

Warning: is_file(): open_basedir restriction in effect. File(/images/altyn_kitap/th/24022021_th.jpeg) is not within the allowed path(s): (/var/www/vhosts/agksit.kz/:/tmp/) in /var/www/vhosts/agksit.kz/httpdocs/libraries/src/Filesystem/File.php on line 649