2025 жылдың 9 сәуірінде оқу орнымызда Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының өңірлік жоспарына сәйкес, ҚР еркін күрес федерациясының ережесі бойынша «Қанатын қаққан қыран құс» атты республикалық дәстүрлі біріншілік өтті.

Бұл сайысқа еліміздің 5 аймағынан келген 200-ге жуық жас палуан 10 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Жарыстың деңгейін көтеріп, спортшыларымызға қолдау білдіру үшін елімізге танымал олимпиада чемпиондары мен тәжірибелі бапкерлер төрешілік жасап, шын мықтыны анықтады. Олардың қатарында:

  • 🥇 Нәдірбеков Малик — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Атланта-1996 және Пекин-2008 олимпиадасына ұлттық құрама апарған бапкер

  • 🥇 Шәкіров Қобыланды — ҚР спорт шебері, Жоғары санатты жаттықтырушы

  • 🥇 Қайсанов Данияр — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Токио Олимпиадасы қатысушысы

  • 🥇 Даулетбеков Азамат — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы

  • және басқа да еліміздің мақтаныштары төрешілік етті.

Командалық есеп қорытындысы: 🥇 І орын – Алматы сервис және технологиялар колледжі
🥈 ІІ орын – Жамбыл облысы колледждер құрамасы
🥉 ІІІ орын – Almaty Polytechnic College